Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді

Қазақстанда тегін жолдар саны азаяды. Екінші санаттағы жолдар нормативтік жағдайға келтірілгеннен кейін ақылы қылу жоспарлануда.

2,5 мың шақырым жол ақылы болады, деп хабарлады мәжілістегі үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

ИИДМ мәліметінше, бүгінгі таңда ақылы жолдардың ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайды. 2022 жылдың басынан бері жалпы алым 16,5 млрд теңгені құрады.

Атап айтқанда, 11 жол учаскесі ақылы болады: Нұр-Сұлтан — Щучинск, Нұр-Сұлтан — Теміртау, Алматы — Қапшағай, Алматы — Қорғас, Қапшағай — Талдықорған, Тараз — Қайнар, Шымкент — Тараз, Шымкент — Ташкент, Шымкент — Қызылорда, Щучинск — Көкшетау, Нұр-Сұлтан — Павлодар. Ақылы жолдармен жүру жеңіл көліктер үшін — 1 шақырымға 1 теңге, жүк көліктері үшін — 1 шақырымға 25 теңге7

«Автожолдарды өзін-өзі ұстауға одан ауыстыру үшін ақылы жолдарды нормативтік жағдайға келтіргеннен кейін ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайтын II санаттағы автожолдарды ақылы қылу жоспарлануда. Жөндеу аралық мерзімдердің басталуына байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде», — деп хабарлады Өскенбаев.

Министрліктің мәліметі бойынша, Қызылорда — Арал, Ақтөбе — Орал, Ақтөбе — Орынбор, Қайнар — Бішкек, Жетібай — Шетпе — Бейнеу — Ақжігіт, Павлодар — Семей, Нұр-Сұлтанның солтүстік айналма жолы, Орал — Саратов, Көкшетау — Петропавл, Нұр Сұлтан — Атбасар, Павлодар — Омбы, Семей — Қалбатау жол учаскелері ақылы болады.

Добавить комментарий