Қазақстанда доллар бағасы 2 теңгеге қымбаттады.
Қазақстанда осы аптаның басында АҚШ доллары көтерілді. Оның 2 теңгеге қымбаттады.
Доллардың орташа алынған бағамы 433,56 теңге — 2,43 теңгеге көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында американдық валюта бағамы бұдан да жоғары: Алматыдағы ақша айырбау орындарында 434,86 теңге (сатып алады), 437,05 теңгеден сатып жатыр. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 434,98 теңгеден сатып алады, 436,67 теңгеге сатады.
Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында доллардың құны 440 теңге. Талдықорған мен Семейде долларды 438,5 теңгеге сатып алуға болады. Костанай мен Риддерде ол 437 теңге. Ақтөбеде — 438 теңге. Таразда — 439 теңге.
27-29 қарашада Ұлттық банкта доллардың ресми бағамы 431,07 теңге болды.