Қазақстанда АҚШ долларының бағамы төмендеуде

Қазақстанда доллар бағамының төмендеуі жалғасуда. KASE қор биржасының хабарлауынша, 2021 жылғы 6 желтоқсан күнгі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 434,44 теңгені құрап, 1,43 теңгеге төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында долларды 436,5 теңгеден сатып, 438 теңгеден сатып алады, еуроны 494-499 теңгеден, Ресей рублін 5,9-5,99 теңгеден сатып алады/сатады.

Ал 7 желтоқсан күнгі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.

Қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 1,08%-ға көтеріліп, барреліне 70,24 долларды құрады.

Қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,81%-ға — барреліне 73,67 долларға дейін өсті.

Добавить комментарий