Қазақстанда АҚШ долларының бағамы өсті

Қазақстан қор биржасында өткен сауда-саттықта доллар бағамы өсе бастағаны хабарланды.

Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 427,51 (+ 0,76) теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей рублінің бағамы айтарлықтай өсті.

Айырбастау пункттерінде долларды 429,3 теңгеден сатып алады, 427,2 теңгеге сатады, еуро — 519-522,8 теңге, Ресей рублі — 5,89-5,97 теңге.

Сонымен қатар, 10 маусымдағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,57%-ға азайып, барреліне $69,56 болды.

Тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,58% төмендеп, барреліне $71,80 болды.

Добавить комментарий