Қазақстанда АҚШ доллары бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 18 сәуірде сағат 15:30-дағы жағдай бойынша АҚШ доллары бағамы көтерілгенін жариялады. Доллардың орташа сараланған бағамы 2,35 теңгеге көтеріліп, 451 теңге болды.

Қытай юанының орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 65,40 теңге (+0,31) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк — 492,31 теңге, рубль — 5,52 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 451-454 теңгеден, еуро 494-500 теңгеден, Ресей рублі 5,4-5,7 теңгеден саудаланып жатыр.

18 сәуірде мұнайдың әлемдік бағасы аздап өсті. Маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы 0,13%-ға, барреліне 84,88 долларға дейін, маусым айында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстерінің бағасы — 0,15%-ға, 80,95 долларға дейін өсті.

Добавить комментарий