Қазақстанда АҚШ доллары бағамы арзандап барады

Бүгін, 2023 жылғы 21 ақпандағы сауда-саттықта АҚШ доллары бағамы тағы түсті.

Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлағандай, сағат 15:30 жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,90 теңгеге төмендеп, 445,65 теңгені құрады.

Қытай юанының орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,80 теңге (-0,38) болды.

Еуро және рубль бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 478,03 теңге, рубль — 6,05 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 447-451 теңгеден, еуроны 476-481 теңгеден, ресей рублін 5,7-6 теңгеден саудаланып жатыр.

Ал 21 ақпандағы мұнайдың әлемдік бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 0,40%-ға төмендеп, барреліне 83,73 доллар болды.

NYMEX электрондық сауда-саттықта WTI маркалы мұнайының сәуірдегі фьючерстері 17 ақпандағы сауда-саттық нәтижесімен салыстырғанда 0,81%-ға өсіп, барреліне 77,17 долларға жетті.

Добавить комментарий