Қазақстанда АҚШ доллары арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) АҚШ долларының құны күрт төмендегенін хабардар етті.

Атап айтқанда, сағат 11:00 жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 429,62 теңгені құрап, бірден 2,51 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пункттерінде долларды 431,5 теңгеден сатып алады, 433,5 теңгеден сатады, еуро — 485-490 теңге, рессейлік рубль — 5,82-5,89 тг.

Сонымен қатар, 24 қарашадағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.

Қаңтар айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерсі 0,32%-ға көтеріліп, барреліне $78,75 болды.

Қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерсі 0,08%-ға — барреліне $82,38 дейін өсті.

Добавить комментарий