Қазақстанда АҚШ доллары қайта өсе бастады

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде АҚШ долларының бағасы көтерілді. АҚШ валютасының бағамы 485 теңгеге дейін өсті.

26 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 479,83 теңге болды.

Бір тәулікте доллар 3,51 теңгеге, бір айда 18,89 теңгеге қымбаттады.

Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды 479-480 теңгеден сатып алып, 483-485 теңгеден сатады.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 106,7 долларды құрайды.

Добавить комментарий