Қазақстанда Ақсай қаласында тірі Барбиді көрсе болады

БҚО тұрғыны бірнеше жылдан бері америкалық Барби қуыршағына ұқсау үшін барын салып жатыр. Ол бірнеше пластикалық ота жасатты, соңғысында екі қабырғасын алып тастап, эльфтің құлағындай жасатты.

Елена Рагузова Ақсай қаласында тұрады.

«Екі қабырғамды алу операциясын Алматыда жасаттым. Ол 1 миллион 200 мың теңге болды. Бәрі ойдағыдай өтті, бірақ қалыпқа келу ауыр болды. Мен жаңа емшек импланттарын қоюды жоспарлап отырмын. Алдыңғылар қалағанымнан көп болды. Олар менің фигурама сай келмеді. Сондай-ақ, өзімді вампирдікі сияқты тіс қоюды жоспарлап отырмын», — деп атап өтті қыз.

Бұдан басқа, Ақсай тұрғыны мұрын мен құлақ формасын өзгерту бойынша операция жасатты. Енді құлағы эльфтікіне ұқсайды. Ота жасату арзанға соқпады.

«Қазір әйел адамдарға арналған киімнің эскизін жасаумен айналысып жатырмын. Болашақтың Барбиі болу үшін денеме чип орнатуды армандаймын. Онда барлық қажетті ақпарат қамтылатын болады. Мұндай чиптер әлемнің кейбір елдерінде орнатады. Олар арқылы карточкасыз төлем жасауға болады», — деді Елена Рагузова. Қыздың айтуынша, Ақсай қаласын қатты жақсы көреді. Елена операцияға, телехабарларды түсіріліміне Алматыға немесе Нұр-Сұлтанға барғанда жұрттың назарын жақтырмайды.

Добавить комментарий