Синоптиктер Қазақстанда қатты аяз болады деп болжап отыр, суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастыруда
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қар жауады, ауа температурасы түнде 10-20 градустан 20-31 градусқа дейін, күндіз 8-16 градустан 12-23 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстік-батыста түнде 12-23 градус, күндіз 5-15 градус аяз болады.
Батыста ауа температурасы түнде 27 градустан 35 градусқа дейін, күндіз 15 градустан 25 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста және солтүстікте түнде ауа температурасы 32-40 градустан 20-30 градусқа дейін, күндіз 27-35 градустан 13-22 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыста ауа температурасы түнде 20-33 градустан 30-43 градусқа дейін, күндіз 15-23 градустан 23-33 градусқа дейін төмендейді.
Түнде орталықта 35-40 градус аяз болады. Сондай-ақ, өңірдің оңтүстігінде 25-30 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы нөлден 20-30 градустан 15-26 градусқа дейін көтеріледі.