Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған деректер бойынша Қазақстанда 3700-ге жуық ауыз су орны барланды. Жалпы көлемі 15,5 текше шақырым мөлшерінде су қоры елді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Елімізде жылына шаруашылық – ауыз су қажеттіліктері үшін 1 текше шақырымнан сәл артық су алынады. Су кодексінің қолданыстағы редакциясына сәйкес ауыз су көздері қорын сақтау ластанудан және бітелуден қорғалған жерасты су объектілерінің базасында жүзеге асырылады.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, бұл ауыз су қоры тіршілік нәрі жетіспеген жағдайда қажет болады. Біз жер асты суларын зерттеуге көп көңіл бөлеміз. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жер асты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет құрылатын болады. Сондай-ақ ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің жер асты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі біздің министрліктің құзыретіне өтеді.