Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.
Атап айтқанда, «алдағы күндері барикалық түзілімдердің тез өзгеруіне және атмосфералық процестердің шиеленісуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады».
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде метеорологтар қар жауатынын, 22-24 қарашада елдің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады деп болжап отыр.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, елміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын күтілуде.
Ауаның температурасы түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 17-28 аязға дейін төмендейді.