Қазақстанда 2021 жылғы желтоқсанда ауа райы қандай болады

Қазақстандық синоптиктер елімізде желтоқсанның бірінші онкүндігінде ауа райы өте жылы болатынын айтты.

Ал жаңа жылдық мерекелер қарсаңында — минус 35 градусқа дейін аяз болады.

Қазақстанның солтүстігінде және таулы аудандарында желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігінде боран соғып, желдің күшейеді деп күтілуде.

Қазақстанда желтоқсанның бірінші онкүндігінде күн жылы болады, айдың үшінші онкүндігінде еліміздің кейбір өңірлерінде қатты аяз болады деп күтілуде, делінген «Қазгидрометтің» желтоқсандағы консультативтік ауа райы болжамында.

«Желтоқсан айында ауа температурасы ҚР оңтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде, еліміздің солтүстік жартысы мен батысында нормадан 1° жоғары. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болып болжанады», — делінген бір айға арналған ауа райы болжамында.

Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайтын болады, алдымен батыста, содан кейін ҚР қалған аумағына ықпалын тигізеді, жауын – шашын күтіледі, көбінесе қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады.

Желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігіндегі тұрғындарды жылы ауа райы қуантады:

солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды;

республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін.

Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:

батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;

оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін,күндіз 0,-5°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяздардың әлсіреуі болжанады.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді. Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде қарлы боран мен желдің күшеюі жиі ҚР солтүстік жартысында және тау бөктерінде күтіледі.

Добавить комментарий