Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Қазақстанға әлемнің түкпір-түкпірінен келген азаматтар жұмыс істейді. Ашық ақпарат көздеріндегі ақпаратқа сәйкес, еліміздің аумағында 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай: «2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы еңбек етеді».

Еңбек министрлігінің мәліметінше, елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар.

Бұл ретте компанияларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Шетел азаматтарының еңбек ететін салалары:

құрылыс саласында — 5 494 адам (41%);

тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 1 455 адам (11%);

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 995 адам (8%);

өңдеу өнеркәсібі — 889 адам (7%);

ауыл, орман және балық шаруашылығы — 641 адам (5%).

Айта кетейік, Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Қазір квота 22 226 адамды құрайды (0,24%).

Добавить комментарий