Қазақстанда вакцинация паспортын жарамды деп таныған елдердің тізімі кеңейтілді.
6 қазаннан бастап Қазақстан 13 елдің вакцинация паспортын мойындады. Бұл туралы қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қол қойды.
«Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Соңғы рет елдер тізімі 3 қыркүйекте жаңартылды. Ол кезде тізімде Венгрия, Тайланд, Моңғолия, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Түркия елдері болған.