Республиканың оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, тұман түседі; оңтүстік, батыс өңірлерде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды; солтүстікте, шығыста және орталықта — көктайғақ болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүреді деп күтілуде.
Дауылды ескерту
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Ауа температурасы күндіз 9-14 градус жылы күтіледі.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. 09 сәуірде кешке таулы және тау бөктерлі аудандарда, 10 сәуірде тәулік бойы облыстың басым бөлігінде кей уақытта найзағай, таулы және тау бөктерлі аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.
Мегаполистердегі ауа райы
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 13-15 градус.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстіктен 3-8 жылдамқырпен жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы болады.