Қазақстанда 1 наурыз күнгі доллар бағамы

Қазақстанда долларды қаншаға сатылып және сатып алынатыны белгілі болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 2021 жылғы 1 наурыз күнгі сағат 11:00-дегі жағдай бойынша 417,83 теңгені құрады. 26 ақпандағы таңғы деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 416,57 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 1,26 теңгеге арзандады.

Елорданың айырбастау пункттерінде сағат 11:15-дегі жағдай бойынша америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 418 теңгені, Алматыда — 419 теңгені құрайды.

Ұлттық банктің 1 наурыздағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 417,02 теңгені құрайды. Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша белгіленеді.

Добавить комментарий