Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесe барысында елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдету жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылағанын хабарлады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді», — деп хабарлады сейсенбі күні Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.