Қазақстан Венгриядан атом энергетиканы дамыту тәжірибесін үйренеді

Қазақстандық делегация Венгрияда атом энергетикасын дамыту тәжірибесімен танысады

Мажарстандық серіктестер АЭС салмас бұрын халықтың басым бөлігінің қолдауына жүгіну керек екенін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС директоры Тимур Жантикин атом энергетикасын дамыту тәжірибесімен танысу үшін Венгрияға аттанды, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегация Будапеште СІМ, Энергетика министрлігі және Венгрияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің өкілдерімен, сондай-ақ «Пакш» АЭС және EXIM банктің басшылығымен кездеседі. Сапар барысында олар атом станциясына және болашақ жаңа энергия блоктарының құрылыс алаңына барады.

Венгрия электр генерациялау көздері арасында атом үлесі жағынан әлемнің топ-5 елінің қатарына кіреді. 2021 жылы «Пакш» АЭС елдің электр энергиясына қажеттілігінің 46,8%-ын жауып, 15 121 млн кВт*сағ электр энергиясын өндірді. Станция 2500-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. АЭС мемлекеттік компанияның еншілес құрылымына жатады, ал шешуші дауыс беру құқығы – Венгрия үкіметіне тиесілі.

Төрт энергоблок 35-40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Электр энергиясының көлемін арттыру үшін тағы екі энергоблок салу жоспарлануда.

«Пакш» АЭС кеңейту – әртүрлі елдердің компаниялары қатысатын халықаралық жоба.

«Қазақстан өкілдерін «Пакш» АЭС кеңейту үшін өнім беруші мен технологияны таңдау, Венгрияның халықаралық әріптестермен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі, АЭС-тың электр энергиясының бағасына әсері, станция жұмысының қауіпсіздігі, жобаға жергілікті бизнестің қатысуы ерекше қызықтырады», — делінген хабарламада.

«Самұрық-Қазына» басшысы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, олардың сапары тәжірибе алу сипатына ие.

«Қазақстандық АЭС жобасының халықаралық болуы біздің қоғам үшін өте маңызды», — деп атап өтті ол және станцияны салудың егжей-тегжейі туралы түпкілікті шешімді Қазақстан Үкіметі қабылдауы тиіс екенін айтты.

Венгрлік әріптестер АЭС құру барысында барынша ашық болу және қоғаммен ашық диалог құру өте маңызды екенін атап өтті. Олардың айтуынша, станцияны салмас бұрын оны халықтың көпшілігінің қолдауына жүгіну керек.

«Самұрық-Қазына» басшылығы «EXIM Bank»-ті Қордың Қазақстандағы басым инвестициялық жобаларын қаржыландыруға қатысуға шақырады. Олардың ішінде – энергетика саласындағы жаңа қуаттылықтар, теміржол жолдарын құру, 5G желісін дамыту бар.

Добавить комментарий