Қазақстан: Террористердің шоттарына қаражат аударудың 1000-ға жуық әрекеті бұғатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Елімановты қабылдады және агенттік жұмысының табысты нәтижелерін бағалады. Баяндама беру барысында террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражатты аударудың 1000-ға жуық әрекетін бұғатталғаны айтылды.

Агенттік сондай-ақ кмемлекетке жалпы сомасы 217 миллиард теңге болатын активтер қайтарылғаны, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың деңгейі 18,7 пайызға дейін төмендегені жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылғанын айтты.

Мемлекет басшысы адал бизнесті қорғау, қаржы және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет екенін ерекше атап өтті.

Добавить комментарий