Қазақстан Түркияға қосымша көмек жібереді

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев еліміз Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуі тиіс екенін мәлімдеді.

Табиғи апат аймағына шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер жіберіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі Түркия Республикасына шұғыл көмекке 1 миллион доллар бөлген болатын.

Добавить комментарий