Шетелдік БАҚ Қазақстанда атмосфера ластанып жатқанын мәлімдеді. Ақпараттық шабуылдарға жауап ретінде «ҚазТрансГаз» компаниясының баспасөз қызметі метанның таралып кеткені туралы ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп атады.
Осылайша, компания бірқатар шетелдік БАҚ 2021 жылғы 24 шілдеде Алматы облысындағы газ құбырынан метанның ағып кетуі туралы жалған ақпарат таратқанын атап өтті.
Оған Еуропалық ғарыш агенттігі спутнигінің суреті мен деректерді талдау себеп болды. Хабарламада «Kayrros SAS» геоаналитикалық компаниясының мәліметтері келтірілген, ол шығарындылар деңгейі сағатына 200 тонна метанды құрады.
«ҚазТрансГаз» АҚ жарияланымдарда келтірілген деректер шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдейді. «ҚазТрансГаз» АҚ өз объектілерінде қауіпсіздікті, соның ішінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Ақпарат құралдарында жариялаған 10 миллион текше фут немесе 300 мың текше метр көлеміндегі газдың ағып кетуі туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды және компанияның тәулік бойы жұмыс істейтін қауіпсіздікті бақылау жүйесінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес», — делінген хабарламада.
Компания «Азиялық газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – «АГҚ» ЖШС), сондай-ақ «Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбырында және Алматы облысының газ тарату жүйелерінде аталған күні (2021 жылғы 24 шілдеде) табиғи газдың ауаға таралуы болған жоқ деп сендірді.
Көрсетілген координаттар бойынша «АГҚ» ЖШС-ның «Қазақстан-Қытай» МГҚ КС-6 орналасқан. Осы «АГҚ» ЖШС-ның компрессорлық станциясында 2021 жылдың 24 шілдесінде атмосфераға 16,7 мың текше метр немесе 0,5 млн. текше фут көлемінде газ айдайтын жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді.
«Барлық растайтын құжаттар мен актілер бар. Бұл шығарындылар Алматы облысы бойынша 2021 жылға арналған «АГҚ» ЖШС-ның шығарындылар квотасына кіреді», — деп толықтырды компаниядағылар.