Қазақстан шекараны ашады: қандай елден анықтамасыз кіруге болмайды

Қазақстан әр түрлі елдерге шекараны біртіндеп ашып келеді. Қазірдің өзінде оннан астам мемлекетке кіруге және шығуға рұқсат етілген. Алайда, келушілердің кейбіреулеріне ПТР анықтамасын ұсыну қажет болады.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 тамыздағы қаулысымен елге шетелден келушілер үшін тәртіп белгіленді.

Шекарасы ашылған барлық елдер үш санатқа бөлінген.

Біріншісіне ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Мысыр, Украина, Нидерланды, Ресей жатады. Бұл елдерден келушілерге термометрия мен сауалнама жүргізіледі.

Екінші санатқа Польша, Өзбекстан, Тәжікстан жатады. Осы санаттағы жолаушылардың температурасын тексеріп, сауалнама жүргізеді. Сонымен қатар, Қазақстан шекарасын кесіп өту кезінде 5 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар COVID-19 сараптамасының ПТР анықтамасы бар болса ешқандай шектеулер болмайды.

Анықтама болмаған жағдайда келу орны бойынша (шетелдік азаматтар үшін), келу күнінен бастап 48 сағат ішінде (қазақстандықтар үшін) ПТР әдісімен зертханалық  зерттеу талап етіледі, одан өту міндеттілігі туралы хабарлама немесе 14 күнге үй карантині тапсырылады

Қалған елдермен — үшінші санатпен — тұрақты әуе рейстеріне тыйым салынады. Тұрақты емес (эвакуациялық және чартерлік) рейстер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда келушілерге екінші санатындағы талаптар қолданылады.

Добавить комментарий