Қ.К.Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында ет жеткізу саласындағы құжатқа қол қойылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай: «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына сапары аясында отандық ет экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжаттарға қол қойылды. 24-25 шілде күндері екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту мақсатында іскер топтардың өкілдерінің қатысуымен инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Сиыр еті мен қой еті импортына қойылатын санитариялық және техникалық талаптар хаттамасына қол қойылды», — делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.
АШМ түсіндіргендей, қол қойылған хаттама қазақстандық қой және сиыр етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.