Қазақстан РФ-ға танк жөнелтпеді: Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресейге Алматыдан танктерді жөнелткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бронетехника күрделі жөндеуден кейін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілген.

Хабарламада айтылғандай, Telegram-да Алматы вокзалында теміржолда тұрған танктердің видеосы таралды. Онда әскери техниканың Ресейге жөнелтілгені айтылған.

«Әлеуметтік желілерде Алматы қаласында теміржол станциясында тұрған бронетехниканы тасымалдау туралы жарияланымға қатысты, бронетехника күрделі жөндеуден кейін одан әрі пайдалану үшін ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жіберілгенін хабарлаймыз», – деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Добавить комментарий