Қазақстан РФ-ға батыс елдері салған санкциялардан айналып өтуге көмектесуден тартуда

«Бүгінде Қазақстан жайлы сөз қозғағанда, көпвекторлы дипломатияның арқасында республиканың сыртқы саясатын қаншалықты табысты жүргізіп отырғанын атап өтсе болады. Қазір Орталық Азия мемлекетінің халықаралық аренадағы беделі жоғары — бұл тәуелсіздік алғалы бері жүргізіп келе жатқан достық әрі дәйекті сыртқы саясатының қисынды нәтижесі. Қазір ҚР-ның көпвекторлы саясаты қаншалықты берік екені тексеріліп жатыр десе болады. Қазақстанда билік басындағылар елдің дамуын одан әрі жалғастыры үшін теңгерімді сақтап қалу маңызды», — дейді батыс сарапшылары.

Сондай-ақ талдаушы Украина аумағындағы оқиғаларға байланысты геосаяси жағдай айтарлықтай өзгергенін хабарлайды, ол Ресей билігі батыс елдерінің қатаң реакциясына дайын болмады деп есептейді.

«Ресей әскерилері Украинаға баса-көктеп кіруінің салдарынан әлемдегі геосаяси ахуал қатты өзгергені сөз болып отыр, — деп жазады ол, — Бәлкім, Ресей билігі дүниежүзілік қоғамдастықтың Украинаға жылдам әрі кең көлемді қолдау көрсететінін күтпеген шығар. Украинаға барлық дерлік әлем елдері қолдау білдірді, батысмемлекеттерінің Ресейге қарсы салынған көптеген санкциялары осы қолдаудың айқын дәлелі болып табылады».

 

Батыс сарапшыларының пікірінше, Қазақстан билігі Ресейге батыс елдері салған санкцияларды айналып өтуге көмектеспейді

Қазақстан үшін жоғарыда аталған оқиғалардың салдарынан едәуір күрделі жағдай қалыптасты. Бір жағынан Батыс елдері — Қазақстан билігі дүниежүзілік қоғамдастықпен ынтымақтасып, Ресей Федерациясының агрессивті әрекеттеріне байланысты елге қарсы салынған санкцияларды қолдайды деп күтуде. Екінші жағынан Ресей — Қазақстан үшін маңызды сауда серіктесі.Статистика көрсеткендей, қос мемлекеттің экономикасы бір-біріне қатты байланысты. Осы күрделі жағдайда бейтараптық мәртебе туралы шешім қабылданды. Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен $25,6 млрд болды.

«Қазақстан басшылығы үшін күрделі жағдайда қалыптасты, бір жағынан ҚР бұдан әрі де батыс әлемімен ынтымақтастықты және қарым-қатынасты дамытуды қалайды, екінші жағынан Ресейге қолдау көрсететін болса республика батыс елдерінің санкциясына ұшырауы мүмкін, өйткені олар ҚР-ны агрессордың одақтасы деп есептейді. Осыған байланысты Қазақстан бұл мәселе бойынша бейтараптықты сақтап қалды», — деп жазады сарапшы.

Президент кеңсесі басшысы кеңесшісінің мәлімдемесіне байланысты Қазақстан билігі өз ұстанымын өзгерту туралы шешім қабылдады деген қорытынды жасалды.

Батыс сарапшыларының пікірінше, Қазақстан билігі Ресейге батыс елдері салған санкцияларды айналып өтуге көмектеспейді

«Қазіргі таңда Қазақстан үкіметінің риторикасы өзгерді. Осылайша, ҚР шенеуніктерінің бірі Тимур Сүлейменов республика солтүстіктегі көршісіне АҚШ пен Еуропалық одақтың санкцияларынан айналып өтуге көмектеспейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Орталық банкі мемлекеттің резидент еместерімен іскерлік қарым-қатынас орнатуға және халықаралық төлем жүйелерімен іс-қимылды үйлестіруге неғұрлым таңдаулы түрде келу керектігін ескертті. Ресей аумағында Visa және Mastercard банк карталарын беру тоқтатылды. Сондықтан ресейліктер аталған шектеулерден айналып өтіп, Қазақстанда аталған банк карталарын алып жатыр.

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Ресейден біртіндеп алшақтап барады. Ресей агрессивті әрекеттеріне байланысты Орталық Азия республикасының даму жолына кедергі болуы мүмкін, сондықтан Қазақстан батыс әлемімен тығыз ынтымақтастықты дамытқысы келеді», — деп есептейді батыс сарапшысы, оның өтініші бойынша сарапшының аты құпия болып қалады.

Добавить комментарий