Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында төрт комитет құрылды

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы қаулысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында төрт комитет құру туралы айтылған.

Құжатқа сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігінде Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылатын болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылатын болады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауға қаулы етілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында құтқару қызметіне ерекше мәртебе берді. Ол Төтенше жағдайлар министрлігінің қайта құрылуының маңыздылығын атап өтті.

Содан кейін Президент «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Ведомство басшысы Юрий Ильин болды.

Добавить комментарий