Қазақстан Ресейге мұнай айдау көлемін қысқартты

КҚК Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай айдау көлемін азайтқанын хабарлады.

Оған себеп ретінде Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстары мен Қашаған кенішіндегі өндірістің тоқтауы көрсетілген.

«Қазақстан Республикасының Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты КҚК құбыр жүйесінің бас учаскесінде («Теңіз» НПС) кен орнынан мұнайды қабылдау қысқартылған режимде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіруді тоқтатуына байланысты КҚК құбыр жүйесіне мұнайды қабылдау көлемі қысқарды. Бұл факторлар Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы тасымалданатын мұнай көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Айдаудың режимдік көлемін қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады», — делінген КҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компания акционерлері мен жүк жөнелтушілерге қалыптасқан жағдай туралы хабардар етілді және өзекті жағдай бойынша тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Еске салайық! 27 шілдеде қатты желден электр желілерінің жеті тірегі құлады, салдарынан «КҚК-К» екі өндірістік объектісінің — «Құрманғазы» НПС және «Исатай» НПС-ты энергиямен жабдықтауда қиындықтар туындады. 2022 жылы 29 шілдеде «КҚК-К» АҚ-тың «Құрманғазы» және «Исатай» мұнай айдау станцияларында мұнай құбыры объектілерінің штаттық жұмыс режимін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кернеу берілді.

 

Добавить комментарий