Сепаратизм үшін айыпталған күдікті Қазақстан азаматы Максим Яковченко Ресей Федерациясының аумағында жүр.
Ол әлеуметтік желісіндегі парақшасында Орал қаласы мен Қазақстандағы бірнеше қала Ресейге берілуі тиіс деген жазбасынан кейін сепаратизм үшін айыпталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресейден елдің тұтастығын шырқын сепаратистік әрекет жасады деген күдікке ілінген азаматты қайтаруды сұрады.
Ресей Бас прокуратурасы қазіргі уақытта Қазақстанның Максим Яковченконы экстрадициялау туралы өтінішін қарап жатқаны белгілі болды. Ақпаратқа сәйкес, өткен жылы ел билігі сепаратизм үшін күдікке ілінген ер адамға қатысты қылмыстық қудалау шарасын қабылдап, елден шығуға рұқсаттың күшін жойғаннан кейін Қазақстан аумағынан шығып кеткен.