БҰҰ Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстандағы жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді. Әңгіме соғыс қимылдары қалаларға көшіп, бейбіт азаматтардың өміріне төнген қауіп туралы болып отыр.

Бұл туралы бүгін Антониу Гуттериштің ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш Ауғанстандағы жағдайға, Герат пен Кандагардағы соғыс қимылдарына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы бейсенбі күні бас хатшының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді.

«Бас хатшы Ауғанстандағы жағдайға, соның ішінде Герат пен Кандагардағы соғыс қимылдарына қатты алаңдаулы. Біз ұрыстың қалалық аудандарды жалмап, бейбіт тұрғындардың өміріне алаңдаудамыз», — деді ол.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден АҚШ тарихындағы ең ұзаққа созылған шетелдік әскери науқан болған Ауғанстандағы операцияны аяқтау туралы шешімін жариялады. Осыған байланысты республикада қауіпсіздік саласындағы жағдай күрт нашарлап, бірқатар бағыт бойынша содырлардың шабуылы жиілеп кетті.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге, сондай-ақ тәліптердің мәлімдемелеріне сәйкес, радикалдар Иран, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан және Түрікменстанмен шекара бойында орналасқан аудандарды қоса алғанда, ел аумағының 60%-дан 85%-ға дейін жерін бақылауында ұстап отыр.

Добавить комментарий