Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсуде

Шет Мемлекет басшылары Президент пен Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Кеше АҚШ, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан президенттерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Наурыз мерекесіне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Ақорда.

«Қастерлі Наурыз мерекесінің ізгі дәстүрлеріне негізделген Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы достық, стратегиялық серіктестік қатынастары халықтарымыздың түпкі мүдделеріне сәйкес алдағы уақытта да дамып, кеңейе береді», — деп жазады Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің құттықтау жеделхатында: «Өзімнің және әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды қасиетті Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – табиғатқа деген шексіз махаббат пен үлкен құрметтің белгісі. Мыңдаған жылдар бойы сынаққа төзіп келген өмірлік философияның нышаны».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев, Кавказ мұсылмандар басқармасының төрағасы, ТМД дінаралық кеңесінің төрағалығын қоса атқарушы шейх-уль-ислам Аллахшүкір Паше-заде, «Шеврон» корпорациясы еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов, Байқоңыр қаласы қалалық әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин және басқалары жолдады.

Добавить комментарий