Қазақстан Президенті Қасым-Жомарта Тоқаев Түркия Республикасын 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Құттықтау хатында ол Түркияның жетістіктерінің, оның мәдени мұрасы мен қарқынды дамуының маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркияның берік достық пен өзара қолдауға негізделген қарым-қатынастары ағайын халықтарымыздың игілігі үшін кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында ғасырдан ғасырға жалғаса беретініне кәміл сенетінін айтқан.
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов Қарағанды облысындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына қолдау білдіріп жатқан Түркия басшылығына және дипломатиялық корпус өкілдеріне алғысын жеткізді.
Сонымен қатар Мәжіліс спикері Түркияның 100 жылдық мерейтойына орай Астанада «Анадолы» көшесі, Шымкентте «Түркия» даңғылы мен саябағы, Алматыда Мұстафа Ататүрікке арналған ескерткіш ашылғалы жатқанын айтты. Ал 26 қазанда елордадағы «Ататүрік» саябағында Юнус Эмреге арналған еңселі ескерткіш ашылды.