Қазақстан Президенті Сочи мен Бакуге сапармен барады

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Сочи қаласына жұмыс сапарымен барып, артынан Бакуге барады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

«Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады», — деп хабарлады Ақордада.

Добавить комментарий