Қазақстан Президенті ресми сапармен Швейцарияға келді

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы ресми сапармен Швейцарияға келді.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады.

«Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылмақ», — деп жазды Берік Уәли.

Оның айтуынша, сапар бағдарламасы бойынша Мемлекет басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында сөз сөйлейді, БҰҰ-ның және басқа да бірқатар халықаралық ұйымның басшылығымен келіссөз жүргізеді, инвестициялық дөңгелек үстелге қатысады және еуропалық бизнес капитандарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий