Қазақстан Президенті мен Иран Президенті қос ел арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесіп, келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтап, қос ел арасындағы қарым-қатынастың даму перспективаларын талқылады. Бұл туралы «Қазақпарат» агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті. Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Добавить комментарий