Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 16 тамыздан бері мемлекеттік сапармен Кореяда жүр.
Қазақстан Президентінің сапары Көк үйдегі ресми кездесуден басталды.
Мемлекет басшысын Президент Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті. Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, — делінген хабарламада.
16 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасының астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен келді. Қазақстан Президенті пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен келген әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы.