Қазақстан Президенті Үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың сайты. Мұхтар Тілеуберді ҚР сыртқы істер министрі лауазымында қала отырып, премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

«ҚР Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

  • Әлихан Асханұлы Смайылов — ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
  • Роман Васильевич Скляр — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
  • Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
  • Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі;
  • Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
  • Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев — ҚР Қорғаныс министрі;
  • Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев — ҚР Ішкі істер министрі;
  • Аида Ғалымқызы Балаева — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Сапархан Кесікбайұлы Омаров — ҚР Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Марат Бақытжанұлы Бекетаев — ҚР Әділет министрі;
  • Асхат Қанатұлы Аймағамбетов — ҚР Білім және ғылым министрі;
  • Алексей Владимирович Цой — ҚР Денсаулық сақтау министрі;
  • Серік Жамбылұлы Шәпкенов — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев — ҚР Қаржы министрі;
  • Ақтоты Рахматоллақызы  Райымқұлова — ҚР Мәдениет және спорт министрі;
  • Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов — ҚР Сауда және интеграция министрі;
  • Юрий Викторович Ильин — ҚР Төтенше жағдайлар министрі;
  • Әсет Арманұлы Ерғалиев — ҚР Ұлттық экономика министрі;
  • Бағдат Батырбекұлы Мусин — ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев — ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
  • Нұрлан Асқарұлы Ноғаев — ҚР энергетика министрі», — делінген жарлықта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қаңтарда Қазақстан үкіметі жаңадан сайланған парламент мәжілісінің алдында өз өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Сол күні мәжіліс VII шақырылымдағы палатаның бірінші жалпы отырысында Қазақстан премьер-министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бекітті. Асқар Мамин үкіметті 2019 жылғы 25 ақпан айынан бері басқарып келеді.

Добавить комментарий