Қазақстан Президенті Катар экономикалық форумына қатысады

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев екінші Катар экономикалық форумына қатысу үшін Катарға барады.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ертең өтетін іс-шаралардың анонсын жариялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

«Ертең, 21 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий