Қазақстан Президенті Бішкекке барды

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Қырғызстанға барды.

Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды

«Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен келді. Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды», — деп хабарлады жұма күні ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерде қалыптасқан экономикалық жағдай, еуразиялық кеңістіктегі интеграция мәселелері талқыланады, сондай-ақ ЕАЭО-ның биылғы қызметінің қорытындылары шығарылады деп күтілуде.

Саммитке Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров қатысады деп жоспарлануда.

Добавить комментарий