Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында елдегі экономикалық сипаттағы заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы билік пен бизнес арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, барынша қолайлы кәсіпкерлік ахуал құруға шақырды.
«Тағы бір маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет. Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет», — деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сондай-ақ құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалау жағдайларына алаңдаушылық білдіріп, осы саладағы оң динамиканың маңыздылығын атап өтті.
«Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелерін мұқият талқылау қажет. Сондықтан мен жуық арада еліміздің бизнес өкілдерімен арнайы кездесу өткіземін», — деп сендірді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұндай тапсымалар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қамтылды, онда елімізде жасанды интеллектті дамытудың маңыздылығы да атап өтілген.