Қазақстан президенті Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасында болды

Оңтүстік астанаға келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаладағы І.Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Сапар барысында Мемлекет басшысына заманауи жабдықтармен жабдықталған палаталар көрсетілді.

Президентке қаладағы медициналық-демографиялық жағдай және COVID-19 қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ жедел жәрдем қызметінің жұмысы туралы ақпарат баяндалды.

Президент медицина қызметкерлерімен жылы әңгімелесіп, ұлттық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту, медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен жабдықтау, төсек қорын және инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ дәрігерлердің жалақысын ұлғайту мәселелерін қозғады.

2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің еңбекақысын бүкіл экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндеті қойылып отыр. Алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамытуға басымдық берілетін болады. Өкінішке орай, біз бұл салаға уақытында назар аудармадық. Эпидемия мұндай әрекеттердің қате екенін көрсетті. Біз қазір жіберген қателіктерге дұрыс көңіл бөліп, оларды түзетуіміз керек. Әрине, медицина біздің басты назарымызда болады», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің еңбекақысын бүкіл экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндеті қойылады

Мемлекет басшысы коронавирустың мүмкін болатын жаңа толқынына дайындықтың маңыздылығын атап өтті, бұл ретте қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға барлық ресурстар жұмылдырылуы тиіс екенін айтты.

«Қазір жағдай бүкіл әлемде күрделі. Еуропа мен Америкада коронавирустың екінші толқыны жүріп жатыр. Мұндай жағдайда біз қырағылықты сақтап, дайын болуымыз керек. Пандемияның алғашқы толқынынан жақсы сабақ алдық. Бұл тәжірибе бізге қажет. Әрине, қиын болды, қателіктер жіберілді, оның ішінде денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да ағаттықтар кетті. Бұл қателіктерді жұмыс барысында түзетуге тура келді. Бірақ кез келген тәжірибенің, тіпті ең ауыр тәжірибе болса, да пайдасы бар. Сондықтан екінші толқынға дайын болайық. Содан кейін бүкіл әлеммен, халықаралық қоғамдастықпен бірге біз барлық қиындықтарды лайықты түрде еңсеруіміз керек», — деді Президент.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге пандемияға қарсы күрестің күрделі жағдайларында ерен еңбектері үшін алғыс айтты.

Добавить комментарий