Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Қазақстан отандық өнімнің көмегімен киберқорғауды күшейтуде

25 августа 10:03 / Опубликовано в Қоғам

Қазақстан IT-технологиялар мен электрондық өнеркәсіп саласында өндірісті дамытуда. Кәсіпорындар осы бағытта жемісті әрі тиімді жұмыс істеуде. Отандық өнімдер біздің елімізде импорттық өнімдермен қатар пайдаланылады.

Ел нарығында 12 қазақстандық өндіруші жұмыс істейді, олар сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген.

Бүгінде тізілімде 39 отандық өнім бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 12 өндірушінің 18 өнімін ағымдағы жылдың басынан бастап тізілімге енгізді.

Тізілімге киберқатерлерден қорғау, ұйымдардың қызметін автоматтандыру, электрондық құжаттармен жұмыс істеу, білім беру процесін басқару, ақпараттың таралып кетуін болдырмау және т.б. бойынша бағдарламалық шешімдер енгізілді.

“Тізілім Қазақстанның АКТ-нарығындағы отандық IT-шешімдердің санын ұлғайтуды және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламаларды қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді”, – деп атап өтті бірінші вице-министр, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин.

Тізілімге қатысу өндірушілерге алдын ала біліктілік іріктеу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың басым құқығын береді. Тізілім мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құрылған. Сондай-ақ бұл бастама квазимемлекеттік секторға таратуға пысықталатын болады.

Айта кету керек, 2019 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға түзетулер енгізілді, оған сәйкес электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап басым тәртіппен сатып алынады.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: IT, киберқорғау, отандық өнім, тізілім, электрондық өнеркәсіп, Қазақстан

Читать ещё

Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтандағы карантинді бұзғаны үшін 550 адамға айыппұл салынды
Қазақстан Дүниежүзілік әскери ойыншықты жою күніне қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Павлодарда ер адам әйелді мылтықпен атып өлтірді

    Павлодар облысы полиция департаменті Павлодарда...
  • 419 теңге: Қазақстандағы доллар бағамы

    Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясын...
  • Беларусь: Наразылық акцияларын қаржыландырған күдіктілер ұсталды

    Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 3-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын және 1-ші және 2-ші ...
  • Лаңкестер кибер кеңістікте белсенді жұмыс істеуде: 2-ші бөлім

    Жалғасы. Материалдың басын біздің сайтымыздан о...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: