Қазақстан: несие тарихын сақтау мерзімі қысқартылды

Қазақстанда несие тарихын сақтау мерзімі бес жылға дейін қысқартылды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу туралы туралы заңға қол қойды.

Заң коллекторлық агенттіктерді борышкермен қарым-қатынас жасаудың кез келген процесінің бейне және аудио жазбаларын жасауға міндеттейді. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл норма коллекторлар тарапынан дөрекі қарым-қатынасты және заңнаманы бұзуды болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, коллекторлық агенттікте тіркелмеген телефон нөмірлерінен борышкермен өзара іс-қимылға тыйым салынады.

Коллекторлық агенттіктер үшін олардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар да көзделген.

Басты жаңалықтардың бірі — несие тарихын сақтау мерзімін 10 жылдан бес жылға дейін қысқарту болып табылады.

Добавить комментарий