Қазақстан мен Әзірбайжан бағытында байланыс желілерінің кабелі тартылады

2023 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталады.

Самарқандта ICT Week Uzbekistan 2022 іс-шарасы аясында қазақстандық делегацияның кездесулері өтіп жатыр. Іс-шаралардың бірінде Орталық Азияда ТОБЖ салу жобасы таныстырылды.

«2023 жылы Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталады. Жоба Орталық Азия елдеріне Интернетке баламалы қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы трафик транзитін кеңейтуге мүмкіндік береді», — деп жазды Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында.

Ол Қазақстан тарапынан жобаның серіктесі Қазақтелеком, Әзірбайжан тарапынан — Аzertelekom компаниясы болатынын атап өтті.

«Қазірдің өзінде жобаның дизайнын (HLD) әзірлеу жұмыстары басталды, содан кейін тиісті зерттеулер, кейінірек — Каспий түбіндегі «оптиканы» жобалау және салу жүзеге асады», — деп атап өтті министр.

Су асты желісінің негізгі бағыты Ақтаудан Әзірбайжанның Сиазань қаласына дейін өтеді және 340 шақырымды қамтиды, ұзындығы 330 шақырымға жуық резервтік канал Баку маңындағы қазақстандық Құрық портынан Әзірбайжанның Бузовна елді-мекеніне дейін салынады.

Добавить комментарий