Қазақстан мен Өзбекстанның әскерилері 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті

Қазақстан мен Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарын бекітті.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай: «Мұрат Бектанов пен Баходир Құрбановтың (Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс министрлері — ҚазТАГ)
ресми келіссөздері барысында өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің соңғы уақыттағы сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері талқыланатын тақырыпқа айналды. Оның ішінде Ауғанстандағы ахуал да бар. Одан бөлек, тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынастарының өзекті бағыттарын, әскери білім беру және кадрлар даярлау мәселелерін де қарастырды. Келіссөздер нәтижесінде екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді», — делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Жоспарда жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шаралары, командалардың Қазақстан мен Өзбекстан аумағында Армия халықаралық ойындарына қатысуы, өзара тәжірибе алмасу сапарлары қамтылды.

Добавить комментарий