Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында бірлескен оқу-жаттығулар басталды

Қазақстан мен Өзбекстанның арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелері әскери оқу-жаттығу жиындарын өткізеді, ол биылғы жылдың 1-5 қараша аралығынде өтеді.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды», — делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.

Қазақстаннан 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады.

«Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды. Оқу-жаттығу арнайы операцияны ұйымдастыру және өткізу барысында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіруге, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының машығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған», — деп нақтылады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс ведомствосының хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасында аяқталады.

Добавить комментарий