Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар айналымы биыл шамамен $5 млрд-қа жетті. Көрсеткіштер екі еседен астамға өсті.
Бұл туралы Өзбекстанның инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Ташкентте өткен Өзбекстан-Қазақстан өңіраралық бизнес-форумында мәлім етті.
«Біз белсенді импортты алмастыру арқылы тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу міндетін қойдық. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жақын арада бірлескен сыртқы сауда компаниясы құрылады», — деп мәлімдеді министр.
Сондай-ақ, ол екі мемлекет арасындағы әріптестік динамикасын атап өтіп, қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 1 200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін айтты.
«Айта кетерлігі, осыдан бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 6 есе аз болатын. Биыл 9 айдың ішінде 130 бірлескен кәсіпорын құрылды», — деп атап өтті Қожаев.