Қазақстан мен Өзбекстан адам құқықтары қорғау саласында ынтымақтасады

Қазақстан мен Өзбекстан адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа келді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) хабарлады.

«Орталық Азия елдері омбудсмендерінің бірінші форумы барысында Қазақстан омбудсмені Эльвира Әзімова мен Өзбекстан омбудсмені Феруза Эшматова адам және азамат құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды», — делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Екі институттың ынтымақтастығы екі жақты мемлекеттің аумағында өз азаматтарының құқықтарын қорғауға, адам құқықтары және елдердің заңнамалары туралы білім алмасуға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдауға жәрдемдесетін болады.

 

Добавить комментарий