Қазақстан мен Вьетнам әуе қатынасын қалпына келтіреді

Қазақстан 2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап Вьетнаммен әуе қатынасын қайта жанданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Вьетнамға рейстер апта сайын шатын болады.

«Әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешіміне сәйкес рұқсат етілді», — делінген хабарламада.

Комитеттегілер рейстердің одан әрі артуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын атап өтті.

Добавить комментарий