Үкімет Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз келісімді бекітеді
Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы ұлттық төлқұжаттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Келісімнің мәтінінде бір тарап мемлекетінің азаматтары жарамды мерзімі кемінде 6 ай болуға тиіс ұлттық паспорты бар азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күннің әр кезеңі ішінде барлығы 90 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады деп көрсетілген.
Егер азаматтар елде көрсетілген мерзімнен көбірек болуды жоспарласа, оларға тиісті виза алу қажет. Әрбір тарап өз елінің заңдары мен ережелеріне сәйкес келуден бас тарту немесе болу мерзімін қысқарту құқығын өзіне қалдырады.
Келісімге сәйкес, мемлекеттер ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп немесе денсаулық сақтау мақсатында келісімді уақытша тоқтатуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан Үкіметі атынан келісімге қол қоюға өкілеттік берілді. Қаулы 2023 жылғы 13 маусымда күшіне енді.